Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адам қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адам қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ, жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, бұған дейін Үндістанда көпір құлап, 90-нан аса адам қаза тапқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!