Тоқаев Үндістан премьер-министрін құттықтады

Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.

"Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!