Тоқаев Үндістан премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті.  

Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді.   

Сондай-ақ, Нарендра Модимен екіжақты кездесу нәтижелі болғанына назар аударып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!