Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогті, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова