Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарварды қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.  

Мемлекет басшысы еліміз Біріккен Корольдікпен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін айтты.

"Қазақстан мен Ұлыбританияны сындарлы саяси диалог және түрлі деңгейдегі белсенді қарым-қатынас байланыстырады. Сонымен қатар, ынтымақтастықты одан әрі кеңейте түсуге әлеуетіміз жеткілікті екеніне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Біріккен Корольдік - Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 83 пайызға артып, 1,6 миллиард доллардан асты. Елімізде 500-ден аса британиялық компания қызмет етеді.  

"Сауда-экономикалық байланыстарды ілгерілету жаңа жобалар мен инвестицияларды ғана талап етпейді, сонымен бірге, халықаралық ортада еңбек етуге қабілетті адамдар да қажет. Дәл осы себепті Қазақстан жастарын әлемді танып-білуге, дүниетанымын кеңейтуге, көп тіл үйренуге, ең әуелі халықаралық қарым-қатынас құралы саналатын ағылшын тілін меңгеруге шақырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кездесуде Ұлыбритания премьер-министрі Эндрю Бёрнэмге жылы лебізін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!