- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Ұлттық құрылтайдың...
Тоқаев Ұлттық құрылтайдың электрон нұсқасын жасауды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qurultay атты арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды, - деп хабарлайды "Массагет" Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында айтты.
"Біз Жаңа цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалануымыз қажет. Сонда мемлекет пен халықтың қарым-қатынасы барынша тиімді болмақ.
Мен Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынамын. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады", - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, жұрт реформаның нақты пайдасын көруі қажет. Сондай-ақ, оған тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы керек.
Д. Шәріпхан"Азаматтар өзекті мәселелер бойынша интерактив сауалнамаға қатысады. Кез-келген түйткілді шешу жолын ұсынып, елімізді жаңғыртуға өз үлесін қоса алады.
Қайырымдылық істерді үйлестіретін түсінікті әрі тиімді электрон сервисті іске қосуға болады. Мұның бәрі цифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформаның негізін қалайды. Дамыған мемлекеттер осыған ұмтылып жатыр. Біз ғаламдық өркениеттің көшінен қалып қоймауымыз қажет. Ұлттық құрылтайдың электрон нұсқасын жасаған жөн. Сонда әрбір азаматымыз ортақ іске атсалысады", - деді Тоқаев.