Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан трансферт туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салайық, 23 қарашада Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды мақұлдаған еді.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды бекіту туралы Сенат қаулысы дауысқа салынып жатыр", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев сол кезде.
Депутаттар заңды мақұлдауға бірауыздан дауыс берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!