Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", -делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!