- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік...
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын ауыстырды
Фото:
gov.kz
Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген құжатта.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бұған дейін бұл қызметті атқарған Ғабит Байжанов лауазымынан босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан