Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді.
Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды. Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, "Банктер және банк қызметі туралы" жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ, Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!