• 498.76
  • 490.7
  • 5.73

Тоқаев Ұлттық банктің жұмысы туралы айтты

Тоқаев Ұлттық банктің жұмысы туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің үкіметтің кеңейтілген отырысындағы баяндамасынан кейін Тоқаев реттеушінің жұмысы қазіргі режимде жүргізіліп жатқанын, алайда мәселе әлі де бар екенін айтты. Халықты ең әуелі ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы алаңдатады.

"Сарапшылар АҚШ долларының нығаюына байланысты теңге бағамына қысым болады деп отыр. Жалпы валютаны тұрақты ету, инфляцияны тежеу ​​- үкіметпен тығыз байланыста жүргізілуге тиіс аса маңызды жұмыс. "Біз тәуелсізбіз, еркінбіз" дейтін қағида қазір өзекті емес, өйткені ахуал бұрынғыдай емес. Бұл туралы кейінірек айтамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Астанада Президент Қаcым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Бұл жиында еліміздің 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ бірқатар облыстардың әкімдері баяндама жасайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес