- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Ұлттық банк...
Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовқа бірқатар міндет жүктеді
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды.
Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы, инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берді:
- жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отырғанын жеткізді;
- БЖЗҚ активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады;
- Мемлекет басшысының бұған дейін экономиканың нақты секторын қаржыландыру ісін кеңейту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық төлем жүйесін дамытуға, ашық банкинг қағидаттарын енгізуге бағытталған жобалардың іске асырылуы туралы айтты;
- клиенттердің қаражатын алаяқтардан қорғау мақсатында антифрод-орталық құру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану жайында мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек