Тоқаев Үкімет пен ҰҚК-ға мигранттар бойынша шұғыл тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды өте өзекті мәселе ретінде атады.

"Көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыру керек. Бұл - өте өзекті мәселе. Баяғыдан бері талқылап жатырмыз, дұрыс, оң нәтиже аз. Қазір әлемде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Дүние жүзінде кең ауқымды көші-қон жүріп жатыр десек, қате болмайды. Қоныс аударғысы келетін шетелдіктер үшін Қазақстан - басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мемлекет. Елге келген шетел азаматтарын уақтылы есепке алып, олардың жүріс-тұрысын бақылайтын техникалық құралдарды жетілдіру - аса маңызды міндет. Үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, осы жұмысты тездетуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!