Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ермек Сағымбаев ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп берді.
ҰҚК төрағасының баяндамасынан:
- Ішкі істер министрлігімен бірге 19 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленген, 60 адам қамауға алынған;
- заңсыз айналымдағы 505 атыс қаруы, 5 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 45 жарылғыш топтама және 15 046 оқ-дәрі тәркіленген;
- есірткі өндіретін 33 зертхана, оны тасымалдайтын 35 халықаралық және 31 өңірлік арна жойылған;
- 3,2 тонна есірткі құралдары және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр шикізаты, 18,8 тонна прекурсорлар тәркіленген;
- есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар 162 адам сотталған;
- экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында 1,6 триллион теңгеден астам көлемде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, бюджетке 315 миллиард теңге өтелген. Сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін 46 адам сотталған;
- мемлекеттік шекарада 55 мыңға жуық құқықбұзушы ұсталды, қару мен оқ-дәріні, есірткі мен басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдаудың 1300-ден аса әрекетінің жолы кесілген;
- шекара арқылы 18 миллиард теңге көлемінде валюта мен құны 66 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеген. Заңсыз көші-қонның 20 арнасы тоқтатылған;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне 552 миллионнан астам кибершабуылды және 6 мың DDoS-шабуылды тойтарған.
Президент кездесу соңында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз