Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорда әскери парадтан кадрлар жариялады.
Айта кетейік, әскери парад Тяньаньмэнь алаңында өтті.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парадты тамашалаған мәртебелі меймандардың құрметіне ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз