• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Тоқаев Түркістан облысының әкімі Көшеровті қабылдады

Тоқаев Түркістан облысының әкімі Көшеровті қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс әкімінің баяндамасынан:

  • Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған;
  • Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр; 
  • мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңге болатын 5 жоба іске асырылады; 
  • жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған;
  • Аустралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған; 
  • биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі; 
  • медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі; 
  • 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

Еске салайық, 3 наурызда Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget