Тоқаев Түрікменстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Түрікменстанда өтетін Үшінші конференциясына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"5 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциялары – даму, экология және басқа да өзекті мәселелер бойынша жаһандық проблемаларды талқылап, шешімдер қабылдауға арналған маңызды алаңдар.

Еске салайық, 3 тамызда Қазақстан Республикасына БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ресми сапармен келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!