Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Түрікменстан президентімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті. Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан президентіне алғыс айтты.

Сондай-ақ, достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін айтты.

Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды. Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды. Сонымен қатар, алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget