Тоқаев Түрікменстан президенті Бердімұхамедовті қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

 

 

Айта кетейік, сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!