Тоқаев түркиялық компания төрағасын қабылдады

Тоқаев түркиялық компания төрағасын қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа YDA Holding компаниясының Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді. Түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған.

Компания алдағы уақытта Астанадағы YDA Industrial Park көпсалалы өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды бастайды.

Сонымен қатар, Хусейн Арслан компанияның Ақтауда мультимодальді транзит хабын құруға қатысты жоспарын бөлісті. Мемлекет басшысы холдингтің Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан қызығушылығын және елімізде жүзеге асырып жатқан инвестициялық бастамаларын жоғары бағалады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget