Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Атап айтқанда, туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген. Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қапшағайда қыз суға батып кеткені хабарланды. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қайғылы оқиғаның куәгері болғанын айтып, жағажайда ешқандай талап сақталмағанын жеткізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова