- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев тұрақсыздыққа себеп...
Тоқаев тұрақсыздыққа себеп болатын факторды атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақсыздыққа себеп болатын факторды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, бүгін "Орталық Азия - Ресей" саммиті өтіп жатыр.
"Тұрақсыздыққа алып келетін бір фактор - өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс.
Шекараларды делимитациялаудың өзара тиімді тәсілдерін әзірлеу және осы маңызды миссияға тәжірибелі сарапшыларды тарту үшін өңірлік сараптама алаңын құру пайдалы болады деп ойлаймын", - деді Тоқаев самитте.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина