- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев туған күнін...
Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты
Фото:
Ақорда
17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл күн - әдеттегі жұмыс күні. Ол жұмыс орнында болады. Бұл күнге байланысты ешқандай іс-шаралар жоспарланбайды, әкімшілік қызметкерлерінен де құттықтаудан бас тарту сұралған.
Мемлекет басшысы былтыр да дәл осындай ұстанымда болды.
"Бұл - Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту әдетке айналмаған", - деп түсіндірді Берік Уәли.
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова