Тоқаев цифрландыру мәселесіне қатысты жарлыққа қол қойды

Тоқаев цифрландыру мәселесіне қатысты жарлыққа қол қойды
Фото: Midjourney

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарлыққа сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру нысандарын QazTech "электрон үкіметі" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.

Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру нысандарын QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget