Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"22 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесі құрамына кіруге ресми шақырту алғаны, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болу ұсынылғаны хабарланды.

АҚШ президенті Газа бойынша Бейбітшілік кеңесін құрып жатыр. Құрылтайшы елдер ретінде қатысуға шақырту бірқатар мемлекеттің басшыларына жіберілген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!