Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-қа барады

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

"Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз