Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесі құрамына кіруге ресми шақырту алғаны, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болу ұсынылғаны хабарланды.
АҚШ президенті Газа бойынша Бейбітшілік кеңесін құрып жатыр. Құрылтайшы елдер ретінде қатысуға шақырту бірқатар мемлекеттің басшыларына жіберілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова