- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев төтенше жағдайлар...
Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа бірқатар тапсырма берді
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сырым Шәріпханов министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады. Бұдан басқа ол:
- министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары туралы мәлімдеді;
- төтенше жағдайлардың саны мен ауқымы ұлғайған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға бағдарлау көзделіп отырғанын жеткізді;
- құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру және цифрландыру ісін нығайту, сондай-ақ, құтқарушылар мен өртсөндірушілердің кадрлық әлеуетін арттыру, оларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жөнінде ақпарат берді;
- халықты алдын ала қорғауға қажетті жағдай жасау мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек