- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев тексерулер және...
Тоқаев тексерулер және профилактикалық бақылау жайлы Жарлыққа толықтыру енгізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келетін тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
1. "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу", - делінген хабарламада.
Аталған Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тексерулерге мораторий енгізілген.
Г. Досымшалова