Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кипр президентін қарсы алды

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!