Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова