Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория президентін қарсы алды

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория президентін қарсы алды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория президентін қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

 

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget