Тоқаев Тасмағамбетовпен кездесті

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысына биыл қарашаның соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!