Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген.

Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!