Тоқаев Ташкентке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!