Тоқаев Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!