Тоқаев Тәжікстан президентін шығарып салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін әуежайдан шығарып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты.

 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды "Алтын Қыран" орденімен наградтағанын хабарлаған едік.

Оған еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы - "Алтын Қыран" ордені Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін берілген.

Еске салайық, кеше, 3 мамырда Қазақстанға ресми сапармен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді. Президенттер шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, БАҚ үшін брифинг өткізді, бұған қоса, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияны қабылдады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!