Мемлекет басшысы Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
Президент Тәжікстан егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ, әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
"Қазақстан халқы еліңіздің жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз достық қарым-қатынас пен өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!