Тоқаев Тәжікстан президентін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды

Тоқаев Тәжікстан президентін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік туларын желбіретіп ұшты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget