Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз