Тоқаев Таиландтағы жаңа елшіні тағайындады

Тоқаев Таиландтағы жаңа елшіні тағайындады
Фото: mfa.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жаңа елшіні тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget