Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қатысты барлық құтқару жұмыстарын тікелей бақылап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір елімізде төтенше жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің 10 аймағында Төтенше жағдай жарияланды. Яғни, Абай, Ақтөбе, Отырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Жіберілген оқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салып жатыр. Премьер-министрдің басшылығымен республикалық штаб құрылды. Премьер-министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмысы менің тікелей бақылауымда", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!