Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сырымбет Қаскеев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Әділ Құсманов 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Оксфорд университетінде (University of Oxford) математикалық модельдеу және ғылыми есептеулер мамандығы бойынша магистр дәрежесін, Назарбаев университетінде математика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2018-2020 жылдары ҚР тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында жетекші сарапшы ретінде бастаған.
Бұған дейін халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова