Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адам қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Оқиғаның мән-жайы
Пиротехника Солтүстік Македониядағы түнгі клубта 59 адамның өмірін қиған өрттің себебі болды. Оқиға салдарынан тағы 155 адам жарақат алды.
Солтүстік Македония үкіметі Кочани қаласындағы өрттен 59 адам қаза тапқаннан кейін жеті күндік аза тұту жариялады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова