- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Смайылов бастаған...
Тоқаев Смайылов бастаған үкіметті не үшін отставкаға жібергенін түсіндірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Смайылов бастаған үкіметті не үшін отставкаға жібергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шешімдерді тез қабылдап, тиімді қадамдар жасауда үкімет жаңа, маңызды рөл атқаруы керек.
Біз халқымыздың игілігі үшін экономиканы әртараптандыруды ынталандыру үшін батыл, нық шешімдер қабылдауымыз керек. Жаңа шындыққа бейімделу керек. Біз жаңа сын-қатерлерге қарсы тұра білуіміз керек, үкімет бұған дайын болуы керек. Үкімет қызметіне жаңа серпін беру керек, мұны жұртшылық та күтіп отыр. Осы себепті мен Әлихан Смайыловтың отставкаға кетуін қабылдадым. Оның басшылығындағы үкімет барлық салада тұрақтылықты қамтамасыз етті", - дейді Президент.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Үкімет жаңадан қашан құрылатынын айтты
Қазақстан үкіметін 2 жылдан аса уақыт басқарған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина