Тоқаев Словения президентіне Астана халықаралық қаржы орталығын көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция - 14,4 мллрд доллар:

  • 7,1 миллиарды – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;
  • 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.
  • Қаржы орталығында әлемнің 80-нен аса елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.

Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі АХҚО сотының, сондай-ақ, Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!