Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Словакияның премьер-министрі Роберт Фико ауруханаға түскенін хабарлаған едік. Оған үкімет отырысынан кейін оқ атылды
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!