Тоқаев Сингапур президентін орденмен марапаттады

Тоқаев Сингапур президентін орденмен марапаттады
Фото: Борт №1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты орденмен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Фото: Борт №1

Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина