Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералды кеңесі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісімді ратификациялау туралы", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Келісімнің мақсаты - екі ел арасындағы бағалы металл өнімдерінің айналымын оңтайландыру. Сенат мәліметінше, заң екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және отандық зергерлік өнеркәсіпті қолдауға оң әсер етуі тиіс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!