Тоқаев Швейцария президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Швейцария президентін құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар, Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасы жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!